ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

SAMSUNG «Solve For Tommorow» атты Республикалық дарынды балаларға арналған байқауда 453 командадан «Үздік-30» қатарынан орын алған Тараз қаласының Дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейдің 10 «Б» сынып оқушыларының «IMA group» командасы Тұрғын Инкар, Бердібек Мақпал, Егеубай Айкөркем «Көру қабілеті шектеулі адамдарға арналған перифериялық құрылғысын әзірлеу» атты ғылыми-әдістемелік туындысымен Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азамматтар кітапхана мамандарымен тәжірибе алмасты.
Тәжірибе барысында тифлология бөлімінің маманы Ербол Аққайұлы «Брайль принтері» принципі бойынша жұмыс істейтін құрылғыны ойлап тапқан дарынды балаларға практикалық әдістемелік көмек көрсетті.
Практикаға зағип азаматтар қатысып, қоғамдағы өзекті мәселені қолға алған оқушылардың тапқырлығына дән риза болып, алғысын білдірді.
Алдағы уақытта арнайы кітапхана қызметкерлері дарынды оқушылармен жұмыс жасауға және тифлоәдістемелік көмек көрсетуге дайын екендерін жеткізді.