“Діни экстремизм және терроризм – әлем қауіпі” атты кітап көрмесі өтті

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайту, діни сауаттылықты арттыру, радикалды көзқарастардың алдын алу және жас ұрпақты жат ағымдардың ықпалынан қорғау мақсатында «Діни экстремизм және терроризм – әлем қаупі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге кітапхана қорынан діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі діннің мән-маңызын түсіндіруге бағытталған 20-дан астам кітап ұсынылды. Кітап көрмесі мазмұны жағынан үш бөлімнен тұрды.
I бөлім. Исламның шығу тарихы
Бұл бөлімде ислам дінінің пайда болуы, таралуы, оның адамзат өркениетіндегі орны мен рухани құндылықтары туралы әдебиеттер қамтылса,
II бөлімде. Дін жөніндегі түсінік қалыптастыру.
Аталған бөлімде дін туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруға, діни сауаттылықты арттыруға бағытталған еңбектер ұсынылды.
III бөлім. Экстремизм және терроризм – әлемге ортақ қауіп.

Бұл бөлімде діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізер зияны, оның алдын алу жолдары, радикалды ағымдардың белгілері мен қауіпті тұстары жан-жақты баяндалған кітаптар ұсынылды. Көрме барысында қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеретін Қайрат Жолдыбайұлының «Дін және діл», Сәмет Оқанның «Исламдағы келісім, қоғам тұтастығы», Қалдыбек Рахмановтың «Ислам экстремизм мен ланкестікке қарсы» еңбектерімен қоса, Брайль қаріпіндегі “Дін және сен”, “Террористік актілерді болдырмау”атты кітаптары ұсынылып,12- ден аса кітап оқырмандарға берілді.Көрмемен 10 оқырман таныс болды.