«ЕҢБЕГІМЕН ЕЛ ТАНЫҒАН» ТАРИХИ ПОРТРЕТ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында қазақтан шыққан тұңғыш тарихшы, белгілі ғалым, тарих ғылымының докторы Бекмаханов Ермұханның туғанына 110 жыл толуына «Еңбегімен ел таныған» тарихи портреті өтті.

Шара барысында «Ұлт мақтанышы» атты бейнебаяны көрсетіліп, мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімдері тарихшының ғұмырлық жолы, ғылыми еңбектері мен ғылым жолындағы басты қағидалары айтылды. 7 сынып оқушылары ғалым турасында арнауларын айтса, 9 сынып оқушылары естелік болған ақпараттармен бөлісті.

​Шара соңында 11 сынып оқушылары «Қазақстан» әнін шырқап, кітапхана мамандары арнайы кітапхана қорына келіп түскен әдебиеттерден «Қазақ тарихының нар тұлғасы» кітап көрмесін таныстырды.