«ЕҢСЕЛІ ЕЛОРДА» АТТЫ ФОТО КӨРМЕ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Астана күніне орай зағип оқырмандарға Елорда Астананың тарихымен таныстыра отырып, білімдерін тереңдету мақсатында «Еңселі Елорда» атты фото көрмесі «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелерімен өткізілді.
Фото көрмеге бас қаламыз Астананың түпкі тарихынан бастап, қазіргі келбетін ашатын заманауи фото суреттер, Астананың көрікті нысандарының ішінде «Ақорда», «Бәйтерек», «Пирамида», «Алтын адам» макеттері және брайль қарпіндегі әдебиеттер, мен жайпақ баспалы кітаптар қойылып, кітапхананың тұрақты оқырмандарына библиографиялық шолу жасалды.
Сондай-ақ, шара соңында оқырмандарға брайль қарпіндегі әдебиеттер ұсынылды.