Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай драматург, театртанушы Әлібек Әмзеұлымен «Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы» атты онлайн сұхбат өткізді.Сұхбат барысында Әлібек Әмзеұлы алғаш сахнаға 6-шы класс оқып жүргенінде шығып, сол арманмен училищеге түсіп, сахнада түрлі қойылымдарда басқарма басшысы болғанша ойнағанын, мәдениет басқармасын басқарған жылдарындағы оқиғалар, мәдениет қызметкерлерінің еңбектері туралы кеңінен әңгімеледі. Жадынан өшпейтін оқиғалар қатарында Мойынқұм ауданындағы ауылдық кітапхананың кітапханашысы Гүлжаханның еңбегі, мәдениет үйлері жабылып, тоқырау кезең бастау алғанда ауылдық кітапханада 2,5 жыл айлықсыз, оқырмандарға адал қызмет еткені, кейін өзіне берілген Құрмет төсбелгісін кітапханашы Гүлжаханға таққанын айтты.Жастарға мәдениетке адалдық, парасаттылық қажет екенін, кез келген еңбекті жүрекпен қалаған кезде ғана үлкен дүние туатынын айтты.Қазіргі таңда денсаулықты күтіп, екі кітап дайындап, баспаға бергенін жеткізді. Шығармашылық адамдарын адалдықтың алға жетелейтінін айтып, кітапхана ұжымына табыс тіледі. Кітапхана ұжымы Әлібек Әмзеұлының зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейді!