«ЕЛІ ҮШІН ТҰҒАН ЕР»

         Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы, ел тарихында ерекше орны бар Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің көрсеткен ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында 9 мамыр Жеңіс күніне орай Сағадат Нұрмағанбетов атындағы №10 орта мектебінің 10 сынып оқушылары арасында «Елі үшін туған ер» атты тарихи сағат өткізілді.​​
          Тарихи сағатта Сағадат Қожахметұлының өмірі мен жасаған ерен еңбегі жайлы бейнеролик көрсетіліп, кітапхана қызметкері халық қаһарманының өз еңбегін абыроймен емес іспен дәлелдеген тұлға екендігін жас буынга ұғындыра отырып,шығармашылығына тоқталды.​​
            Сонымен қатар Сағадат Қожахметұлының бейбіт уақытта да алдыңғы қатарда болғандығы және өзінің ерекше тағдырымен республиканың әскери басшыларының тарихын құрып бергендігі турасында, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Шынтеміров Сапар оқушыларға өз ойын жеткізді.​​​​​​​​​​​
             Сондай-ақ, оқушылар өздері армия генералы Сағадат Қожахметұлы жайлы дайындаған жұмыстарын көрсетіп,шара соңыңда «Ұлы жеңіс» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.