ЕР ЕЛІНІҢ ҚОРҒАНЫ

Жамбыл облыстық және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Тифло-музей» жобасы аясында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ер елінің қорғаны» атты тақырыпта №2 арнайы «Болашақ» мектеп-интернаты оқушыларымен тағылымдық сағат өткізді. Аталған іс-шара Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Ерлік» мемориалдық кешенінде орналасқан «Даңқ» залында ұйымдастырылды.
Тағылымдық сағат барысында майдан даласына аттанған ардагерлеріміздің ерліктері таныстырылып, “Даңқ” залында экскурсия жүргілді.
Сондай-ақ, оқушыларға арналған арнайы көрме жасақталып, оған 1940 жылы шығарылған соғыс уақытысында жауынгерлердің қолданған байланыс құралдары, медициналық құрал-жабдықтары, майдан кезіндегі радио мен байланыс құралдары, әскери қасықтар, шанышқылары, ауыз суға арналған фляшка, габаритов, әскери каска, компас, фотоаппарат, противогаз құнды жәдігерлермен танысып, соғыс жылдарындағы тың мәліметтерді тыңдады. Жәдігерлерді қол ұшымен ұстап, сезінуге мүмкіндік алған зағип оқушылар тағылымдық сағаттан ерекше әсер алып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.