«IT BELES» КІТАП ОҚУ КЛУБЫ «BOOK FM» ЖОБАСЫНДА

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында кітапты көп оқитын орта қалыптастыру және оқу мәдениетін, оқу талғамын қалыптастыруға бағытталған «BOOK FM» жобасы аясында «JAMBYL» радиосында «Кітап әлеміне құштарлық» тақырыбымен Дарынды балаларға арналған IT лицей интернатының «IT Beles» кітап оқу клубының жетекшісі Толқын Атабекова және оқушылары Жандарбек Балауса, Қауыс Әсемаймен сұхбат жүргізілді.
Сұхбат барысында оқушылар бала күннен бастап бүгінгі күнге дейін қызықтап оқыған кітабы, сонымен қатар кітап желісі бойынша ең әсерлі оқиғалары мен кейіпкері турасында баяндап, жастайынан өмірлік ұстанымы мен тұлғалық қасиетінің қалыптасуына әсер еткен ерекше кітаптары туралы әңгімеледі. Нәтижесінде «IT Beles» кітап оқу клубы кітап оқуға ынталандыратын, ортақ қызығушылығы бар өрендердің басын қосуға таптырмас алаң екендігіне, сонымен қатар бүгінгі жастардың әдебиет әлеміне деген құштарлығына тағы да бір сенімді болдық. Әсерлі әңгіме, қызықты дерек, мұның бәрі «JAMBYL» радиосында.
Толығырақ «JAMBYL» радиосы 28 сәуір сағат 16.00 де 100,8 FM толқынынан тыңдай аласыздар.