“КҮЙ АТАСЫ – ҚҰРМАНҒАЗЫ” АТТЫ КҮЙ КЕШІ ӨТТІ

Қазақ халқының композиторы, күйші, өнерпаз, домбырашы, азаттықтың жаршысы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 205 жыл толуына орай “Күй атасы-Құрманғазы” атты күй кеші ұйымдастырылды.
Кештің мақсаты күй атасы атанған Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, қазақтың баға жетпес мұрасына айналған күйлерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беруіне ықпал ету.
Кеш барысында Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі туралы қысқаша шолу жасалынған бейнеролик ұсынылды.
Кештің қонағы, кітапхананың тұрақты оқырманы Құттыбаев Шорахан Менлиханұлы”Балбырауын”, “Адай”, “Сарыарқа” күйлерін домбырада ойнап, күйлердің шығу тарихы туралы мәліметтер айтылып, оқырмандар ерекше көңіл күйге бөленді.
Сонымен қатар Алматы қаласынан Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының ұстазы, Жамбыл облысының тумасы Түменбаев Нұрлан Әсімұлының “Қайран шешем”, “Ұзақ Ақжелкен” атты күйлерін жолдап, ыстық ықыласпен қабыл алдық.
Кітапхана оқырмандарына ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың асыл мұрасын дәріптеліп, әсерлі ой қалдырылды.