Күләш Ахметованың 80 жылдығына орай “Жыр жұлдызы” атты поэтикалық баттл өтті.

«Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы» КММ Күләш Ахметованың 80 жылдығына арналған «Жыр жұлдызы: Күләш Ахметова мұрасы» поэтикалық баттл ұйымдастырып, қазақ поэзиясына нәзіктік пен биіктікті қатар сыйдырған, жырларымен талай жанның жүрегіне жол тартқан, 2025 жылдың қарашасында қазақ халқының қабырғасын қайыстырып өмірден озған Күләш Ділдәқызы Ахметованы еске алып, рухына тағзым етті.
Ақынды еске алу дәстүрлі үнсіздікпен ғана емес, оның болмысына жақын поэтикалық баттл форматында жүргізілді. Баттлға С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектептен 5 оқушы, Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектептен 1 оқушы, дарынды балаларға арналған мамандандырылған «IТ» лицей-интернатынан 5 оқушы ұсыныс білдіріп, барлығы 10 оқушы қатысты. Жарыс төрт кезеңнен тұрып, оқушылар өз өнерлерін жан-жақты көрсетіп, ақын өлеңдерін ортаға салды.
Сөз бен ой таразыға түскен осы сәтте, сөздің салмағын саралаған әділ қазы алқалары шындықпен өнерге негізделген шешімдерін жария етіп, жүлдегерлерді І.ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапаттады.
І –дәрежелі дипломмен («Алиса» ақпарттық құрылғысы) Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «IТ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Әбдібай Еркеназ марапатталынды.
ІІ-дәрежелі дипломмен (Сымсыз магнитті қуаттағыш «Поуэрбанк») Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «IТ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Маратбек Тәсним марапатталынды.
ІІІ-дәрежелі дипломмен (Құлаққап) С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектептің 7 сынып оқушысы Аманбекқызы Еркеназ марапатталынды.
Шара соңында аққынның «Орман» кітабының нүктелі бедерлі Брайль қарпіндегі тұсаукесері өтіп, 1 данасы арнайы №2 «Болашақ» мектеп интернатының оқушыларына жолданды.