Күләш Ахметованың «Орман» кітабының нүктелі бедерлі Брайль қарпінде басылып шыққан кітабының тұсауы кесілді.

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы ақын Күләш Ахметованың 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жыр жұлдызы: Күләш Ахметова мұрасы» поэтикалық баттл барысында поэзияның ақ гүлі атанған ақынның «Орман» кітабының нүктелі бедерлі Брайль қарпінде басылып шыққан кітабының тұсаукесері өтіп, 1 данасы арнайы №2 «Болашақ» мектеп интернатының оқушыларына жолданды.