«Кел жаңа жыл ортаға»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамнан тыс қалдырмау, Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін, тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір – біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке, адалдыққа тәрбиелеу мақсатында
«Кел жаңа жыл ортаға» атты ертеңгілік өткізді. Жиналған зағип бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлерімен бірге шаттанып, өз өнерлерін ортаға салып, әрбір бала шырша кешінен көтеріңкі көңіл-күймен қатар Аяз-атадан жағымды әсер мен арнайы сыйлықтар алып, қуанып мәз мейрам болып кітапхана ұжымына алғыс білдірді.