КІТАП ОҚУ – АҚЫЛ ТЫНЫСЫ

          Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып және кітапты көп оқитын орта қалыптастыру мақсатында «Кітапхана TV» жобасының кезекті шығарылымы ақын, жазушы, журналист Қамар Қарасаева, сонымен қатар Ақ Жол газетінің қызметкері Орман Алмаспен «Кітап оқу – ақыл тынысы» тақырыбында подкаст өтті.
         Подкаст барысында бүгінгі таңдағы әлемдік әдебиет пен қазақ әдебиетін оқудағы өзекті мәселелер қозғалды. Сонымен қатар қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетін байланыстыратын көркем аудармалар турасында әңгіме өрбіп, қазақ әдебиеттеріне деген оқырманның қызығушылықтарын оятуда жарнаманы басты назарға алу керек екендігін баса айтты.