”KITAP TIME” ОҚЫРМАН КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Жамбыл облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен «Әулиеата-кітап оқитын өңір» акциясы аясында ашылған «Kitap Time» оқырман клубының кезекті жиыны Deshti club house коворкинг орталығында өтті. Жиын Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасыны алғашқылардың бірі болып шығарып отырған балаларға арналған Инклюзивті 4 форматтық кітаптардың тұсау кесер рәсімімен басталады.
«Kitap Time» оқырман клубының кезекті жиынында қаламгер Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» хикаяты талқыланды. Жазушының ғұмырына шолу жасалып, оқырмандар хикаяттан алған әсерімен бөлісті. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Брайль қаріпіндегі «Тазының өлімі» хикаятының екінші авторы,кітапханашы Бегимов Ербол Аққайұлы жиынға келген Дарынды балаларға арналған IT лицей интернатының оқушыларына хикаятты жазып шығу барысындағы әсерімен бөлісті.