КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ «JAMBYL» РАДИОСЫНДА

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының кітапханашысы Бегимов Ербол Аққайұлы «JAMBYL» радиосында «Айтарым бар» бағдарламасында қонақта болып, «Өмір үйретеді, еңбек ширатады» демекші өзі кітапханаға қалай келгенінен бастап бүгінге дейінгі қызмет саласындағы заман талабына сай үнемі жетілдіріп отырған жұмыс барысымен бөлісті.

Сондай – ақ көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған «Брайлист» үйірмесі бойынша қолға алынған игі істерді баяндай келе, оны одан әрі нәтижелі, жемісті болдыру үшін оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру басты мақсатта екенін сөзіне арқау етті.