КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ДЕНСАУЛЫҚ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫ ҚОҒАМНЫҢ МӘДЕНИ, СПОРТТЫҚ ӨМІРІНЕ ТАРТУ» АТТЫ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтар кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Денсаулық мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамның мәдени, спорттық өміріне тарту» атты тақырыбында зум әлеуметтік желісі арқылы өткізілген семинарға Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы қызметкерлерінің қатысты.
Семинар барысында «Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамға бейімдеу, қазір қоғамда үлкен мәселеге айналып отырған Аутизмі бар балаларды психолгиялық-педогогикалық қолдау арқылы әлеуметтік бағдар жасау, Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Қызыл тіл», «Әлем ашылуы» жобалары, «Зағип жандарға кедергісіз орта қалыптастыру», Оңалту орталығы жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру мәселелерін шешу, шығармашылық қабілеттерін дамытуға қол жетімділікті ұйымдастыру және есту қабілеті шектеулі адамдарды тарту, интеграция мәдениет пен өнер арқылы қоғам, «Зағип және нашар көретін мәдениет үйінің жобалық қызметі» туралы іс-тәжірибелерімен бөлісті.