КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының бірлесе отырып, бала өміріндегі ертегінің танымдық-тәрбиелік әлеуетін жан-жақты ашып, ертегі кітаптарды оқуға шақыру мақсатында “Ертегі-танымның көзі” атты іс – шара ұйымдастырды.
Шара барысында Құжаттарды жинақтау, өңдеуді автоматтандыру және каталогтарды ұйымдастару бөлімінің меңгерушісі Сейтбаева Гүлнар Жарғаққызы кітаптың ерекше түрі зағип балаларға арналған тактильді кітаптың жасалу жолдары мен маңыздылығы турасында ақпарат берді.
Сонымен қатар тактильді кітап бойынша оқушылар назарына ертегі кейіпкерлерін ашып, жақсы қырынан таныта білді.