КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

«Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтар кітапханасының» ұйымдастыруымен “Шексіз кітапхана: заманауи социумдағы арнайы кітапхана” атты Республикалық семинар өтті. Семинарға Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасынан онлайн кездесуде инклюзия бағытында жасалып жатқан “Инклюзивті білім- жарқын болашақ кепілі” тақырыбында “Оқырмандарға қызмет көрсету” бөлімінің кітапханашысы А.Төлебаева “Үй тапсырмасы” және “KENES TIME” жобасы аясында жүргізілген жұмыстың нәтижесін баяндады.

Сонымен қатар, Республиканың Арнайы кітапхана қызметкерлері және Түркі елінен Дүниежүзілік мүгедектік және оңалту кәсіпқойлары қауымдастығының үкіметтік емес ұйымының басқарма мүшесі Салахаддин Айдын мырза қатысып, жаңа инновациялық ақпараттармен бөлісті.