КІТАПХАНАНЫҢ ТҰРАҚТЫ ОҚЫРМАНЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСТЫ

Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ІІ Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауына Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы атынан №2 «Болашақ мектеп – интернатының 7 сынып оқушысы Әмірбек Маншүк облыстық деңгейде 9 үміткермен додаға түсіп, алғыс хатпен марапатталды.
Байқаудың негізгі мақсаты – атадан балаға мирас болған байлығымыз, қазынамыз туған тілге, көркем әдебиетке, оның ішінде поэзияға деген жас ұрпақтың құштарлығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін ұштап, жетілдіру.