«Мемлекеттік рәміздер –еліміздің нышаны»
4-маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің нышаны» бедерлі графикалық көрме ұйымдастырды.
Жамбыл облыстық Тарихи-өлкетану музейімен бірлесе отыра, Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы графикалық көрмеге қойылған кітаптарды №2- ші Болашақ мектеп интернатының балаларына көрсетіп,таныстырды.
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде экскурссия жүргізіліп, көрнекіліктер таныстырылды. Көрме барысында балаларды отан сүюге, рәміздерді құрметтеуге жәнеде өз елінің патриоты болуға баулыды.

