«МУЗЕЙ-РУХАНИЯТ ОРДАСЫ»
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен «Сарысу аудандық тарихи-өлкетану музейі» бірлесе ұйымдастыруымен «Тифло-музей» жобасы аясында «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін!» атты тарихи танымдық бұрышы бойынша «Музей-руханият ордасы» тақырыбында QR-кодты толықтыру шарасы өтті.
Шараның мақсаты: Көру қабілеті шектеулі жандардың мәдени және тарихи мұраларымен толыққанды танысуына мүмкіндік бере отырып, зағип оқырмандарға инклюзивті қоғам қалыптастыруға ықпал етіп, музей экспозициясына еркін қол жеткізуге жағдай жасау.
Шара барысында зағип оқырмандарға ХІХ-ХХ ғасырлардағы тұрмыста қолданыста болған үтік, тосық, ат қоржын, патифон, Ы.Дүкенұлы, «Қорқыт ата» бейнеленген суреті, Ы.Сүлейменовтың фото суреті, құрақ көрпеше, т.б сол сияқты үй жағдайында қолданылған көне этнографиялық заттардан көрме ұсынылып, жалпы саны- 21 QR-код қойылған жәдігерлерімен толықтырылды.

