ОҚЫ ЖӘНЕ ТҰЛҒА БОЛ!

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «Кітапхана TV» жобасы бойынша «Ағаштың бүрі», «Қараша хаттары» кітабының авторы «Aq jol» газетінің бас редакторы – Хамит Есаманмен «Оқы және тұлға бол!» тақырыбында сұхбат жүргізілді.
Жоба мақсаты – болашақ ұрпақтың өлеңге деген махаббатын ояту, мен кітапті көп оқитын орта қалыптастыру болып табылады.
Сондай-ақ, өңірімізге танымал тұлғалардың бұрын соңды оқыған кітаптары туралы пікір алмасып, бүгінгі әдебиеттің тыныс –тіршілігі турасында мәлімет берді.
Сұхбат барысында жас ақынның өмірі мен шығармашылығы жөнінде әңгіме өрби отырып, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының желісі, құрылымы және кейіпкерлері туралы мәліметтер айтылды.
Сөз соңында Хамит Есаман «Абай жолын» оқыған адам қазақтың тарихы мен бірге жасына жас, ойына ой қосылған шақтағы Хакімнің өмір баспалдақтарын қалай аттағанымен таныс болып таным көкжиегі кеңеймек, жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» – деген ой айтып, барша қоғамды кітап оқуға шақырды.