Респубилка күні құттықтау

⚜️Құрметті оқырмандар, әріптестер және кітапхана жанашырлары!

🔸Сіздерді ұлтымыздың ұлы мерекесі — Қазақстан Республикасының күнімен шын жүректен құттықтаймын!

🔸Бұл күн – ғасырлар бойы азаттықты аңсаған халқымыздың арманы орындалып, Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті ретінде өз жолын айқындаған тарихи сәттің символы. Еліміз бүгінде бейбітшілік пен келісімді, тұрақтылық пен өркендеуді ту еткен қуатты мемлекетке айналды.

🔸Ұлт руханияты мен мәдени құндылықтардың алтын ордасы саналатын кітапхана тәуелсіз елдің кешегісі мен бүгінін сақтап қана қоймай — саналы, білімді, отаншыл ұрпағын тәрбиелеуге үлес қосуда. Егемен еліміздің өткені мен бүгінін жалғайтын, болашаққа жол сілтейтін рухани көпір — осы қара шаңырақ.
🔸Осы бір мәртебелі мереке күні Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, кітапханамыз оқырманға толы болсын!