”Рухани қазына -2023” республикалық мәдениет және өнер қызметкерлерінің фестивалі ашық деп жарияланды

Аталған фестивалдің ашылу салтанаты ресми түрде өткізіліп, қазылар алқасының отырысымен 2021-2023 жылдар аралығында атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша республика көлемінде 78 кітапхана ісінің жұмыстары қаралатын болады. Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы да “Айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған үздік кітапхана” және “Айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған үздік кітапхана қызметкері” атты номинациялармен бақ сынайды.