«СЕЛ КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТТЕР» ТҮСІНДІРМЕ САБАҒЫ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен көру қабілеті төмен оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде сел тасқыны жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарымен, алғашқы көмек көрсету шараларын таныстыра отырып, оқушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға бағыттау мақсатында «Қауіпсіздік сақтайық!» жобасы аясында «Сел кезіндегі іс-әрекеттер» түсіндірме сабағы №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатында өтті.
Аталған шараға «Жамбыл облысы төтенше жағдайлардың алдын алу және қорғаныш құрылыштарын пайдалану тобының бас инженері Суликов Қасым Келсінбекұлы қатысып сел кезіндегі түсіндірме сабағы бойынша ережелерді таныстырып, айтып өтті.
Шара барысында «Қаз селдендіру» мамандары слайд арқылы сел кезінде қандай іс-әрекеттер туралы түсіндіріп, сондай-ақ «сел кезіндегі іс-әрекеттер» туралы жадынама таратылып, бейнеролик көрсетті.