ШАХМАТ СПОРТ ОЙЫНЫНАН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТУДЕ

         «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт» басқармасы мен «Қазақ ұлттық ойын қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында Шахматтан тірек-қимыл аппараты зақымданған, есту және көру қабілеті төмен ересектер мен жастар арасында Жамбыл облысының жекелей (классика, рапид) чемпионаты өтуде.
          Чемпионатқа “Қазақ соқырлар қоғамы” мүшелерімен қатар Шу, Т.Рысқұлов, Меркі, Байзақ, Жамбыл аудандарымен Тараз қаласы бойынша 34 спортшы қатысуда. Жарыс 2024 жылдың 19-22 ақпан аралығында өтеді, жеңімпаздар арнайы дипломдар мен медальдармен марапатталатын болады.