ШЕКСІЗ КИНО ӘЛЕМІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы зағип оқырмандарға арналған тифлопікірі бар киноларға қолжетімділікті арттыру мақсатында «Шексіз кино әлемі» жоба аясында 1966 жылы экранға шыққан Эльдар Рязановтың “Берегись автомобиля” атты комедиясын «Қазақ соқырлар Қоғамының» мүшелеріне көрсетілді.
Кино барысында кітапханашы тифлопікірін айттып, оқырмандар фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын талқыға салды.
Тифлокиноның соңында кітап қорынан нүктелі – бедерлі қаріпінде әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.