“ШЕКСІЗ КИНО ӘЛЕМІ” ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

           Жаңа жыл қарсаңында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Шексіз кино әлемі» жоба аясында 1976 жылы экранға шыққан Эльдар Рязановтың «Ирония судьбы, или С лёгким паром!» атты комедиясы «Қазақ соқырлар Қоғамының» мүшелеріне көрсетілді.
           Кино барысында кітапханашы тифлопікірін айттып, оқырмандар фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын талқыға салды.