«ШЕКСІЗ КИНО ӘЛЕМІ»

 

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық ортаға бейімдеу, өзін-өзі дамытуы мен кітап оқуға баулу және зағип оқырмандарға арналған тифлопікірі бар киноларға қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған тифло-кино жобасы аясында «Шексіз кино әлемі» атты зағип жандарға арналған кино көрсетілімі жүзеге асуда. Келесі көрсетілім тифлопікірі бар «Чудо» киносы карантин талаптарына сай 12 тамызда онлайн түрде әлеуметтік желілерде жалғасын табады.
Көрсетілімде зағип жандар экраннан көрсетіліп жатқан кино немесе видео сюжеттердегі болып жатқан әрбір іс-қимыл, адамдардың қас-қабағындағы эмоцияларын дыбыстандырылған тифлопікір арқылы біліп, толықтай елестетіп, кино әлеміне қызығушылығы артады.