«Шексіз кино әлемі» атты зағип жандарға арналған кино көрсетілім «Болашақ» мектеп интернатында «Мешок яблоко» атты тифлопікірлі мультфильмі көрсетілді

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматттар кітапханасының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі зағип жандарды қоғамдық ортаға бейімдеу,өзін-өзі дамытуы мен кітап оқуға баулу және зағип оқырмандарға арналған тифлопікірі бар фильмдерге қолжетімділікті арттыру мақсатында «Шексіз кино әлемі» атты зағип жандарға арналған кино көрсетілім жұмысын тұрақты түрде жүргізуде. Қараша айына жоспаранған кезекті көрсетілім Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен, Зағип және нашар көретін балаларға арналған «Болашақ» мектеп интернатында өткізілді. «Мешок яблоко» атты тифлопікірлі мультфильмді интернаттың жалпы 40 тан астам 1 және 5 сынып аралығындағы оқушылары аса қызығушылықпен тамашалап,тифло мультфильм соңында өз пікірлерін айтып, көрген көріністерді ортаға салып талқылады, сондай-ақ анимациялық фильмнен алған әсерлерімен бөлісті.Сонымен қатар зағип жандарға тифлопікірі бар фильмдерді көру әлде-қайда ыңғайлы және түсінінікті екеніне кезекті рет көз жеткізілді. Көрсетілім соңында кітап қорынан балаларға арналған 3D және 4 D форматтағы виртуалды кітаптары, жайпақ баспалы,брайль қаріпіндегі және тактильді,дыбыстандырылған кітаптарға библиографиялық шолу жасалып,алып оқуға ұсынылды.