ШУ АУДАНДЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНДЕ «ТИФЛОМУЗЕЙ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЗАҒИП ЖАНДАР ҮШІН ТҰРАҚТЫ ЖӘДІГЕРЛІК БҰРЫШ АШЫЛДЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Республика көлемінде алғаш рет арнайы зағип жандар үшін «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін!» атты «Тифломузей» жобасы аясында Шу аудандық тарихи-өлкетану музейінің Орта ғасыр тарихы залында зағип жандар үшін тұрақты жәдігерлерінен бұрыш ашылды. Замануи үлгідегі QR-код қойылған экспозиция, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға смартфонға жәдігердің кодын енгізу арқылы Орта ғасырлық тарихқа саяхат жасауға мүмкіндігін арттырады.
Іс-шара мақсаты – халқымыздың ұлттық тарихи-мәдени құндылықтарын және кітаптан оқыған, құлақпен естіген мағлұматты қолмен ұстап сезінуге, ой өрісін дамытуға жол ашу, сонымен қатар музей экспозициясына еркін қол жеткізуге жағдай жасау. Бүгінгі күні QR-код 20 дан астам жәдігерге қойылса, келесі кезекте тас дәуірі жәдігерлерінен қазіргі заман тарихына дейін қамтылып, аталған жоба сурет әлемі мен ұлттық қолөнеріміздің қыр-сырымен таныстырумен жалғасады.
Сондай-ақ, аталған көрмеге Шу аудандық зағиптар қоғамдық бірлестігі мүшелерімен мен Шу аудандық әкімдігінің мен кітапхана мамандары және музей қонақтарны қатысты. «Тифломузей» жобасы аясында зағип жандарға арналға тұрақты бұрышты ашуға Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Файзулина Қарлығаш Құрманғазықызы мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Шу ауданының Құрметті азаматы, ардагер, журналист Қосақов Ахметжан Ақбұғаұлы салтанатты түрде ашып өздерінің ақжарма тілектерін жеткізіп, кітапхана оқырмандары мен қонақтар алған әсермен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.