«СПИД ҒАСЫР ДЕРТІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Оқырмандарға СПИД — тің қазіргі таңдағы қоғамның басты проблемасы екенін және СПИД қазіргі заманның ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан — жақты меңгерту,жас ұрпақтың санасына зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру мақсатында Жамбыл жоғарғы медециналық колледжінің І-курсының білімгерлері арасында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Спид ғасыр дерті» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде білімгерлерге вирустың жұғу жолдары мен қауіпті індеттің жұғу жолдары мен қатар СПИД-тен сақтану жолдары туралы толық ақпарат берілді. Жиын соңында «XXI-ғасыр дерті» атты кітап көрмеге библиографиялық көрме жасалынды. Шара соңында оқырмандар өз ойларын ортаға салып кітапхана қызметкерлеріне алғыс білдірді.