“СПОРТ ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ”

Шымкент қалалық және Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының қолдауымен зағип оқырмандарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыттау, спорттағы жетістіктерге ынталандыру мақсатында спорт күніне орай «Спорт денсаулық кепілі» атты «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелерімен, ҚБ Шымкент қаласы мен Тараз қаласының көз мүгедектерінің арасында шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ спорт түрлерінен аймақтық жарыс өткізілді.
Спорттық шара аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалып, жарыс ережелері мен шарттары түсіндірілді. Жамбыл облыстық «Қазақ соқырлар қоғамының» төрайымы Нұрмашева Гүлнұр Омарқызы, Шымкент Қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана директоры Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Зағип азаматтар арасында спорттық стол ойындарынан шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ спорт түрлерінен сынға түсті. Жарысқа 14 қатысушы өз бақтарын сынады. Олар ой жүйріктігін қажет ететін ойында зерек зейіндерімен тамаша ойын комбинацияларын қолданып белсенділік танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
Шахмат
І-Нұрақ Бақытжан /Шымкент/
II-Атоқозиев Ермек /Тараз/
III- Асқар Сабина /Шымкент/
Тоғызқұмалақ
I- Шамиль Ришат /Тараз/
II- Таласбаев Бекзат /Тараз/
III- Тайтелиева Ақжүніс /Шымкент/
Дойбы «100» шаршылы түрінен
I- Касимов Серік /Шымкент/
II- Шералиев Қанат /Тараз /
Дойбы «64» шаршылы түрінен
I-Нуриддинова Зияда /Шымкент/
ІІ-Салимов Ботир /Шымкент/
ІІІ- Ни Евгений /Тараз/
Жеңімпаздарды арнайы кубоктар, дипломдармен кітапхана директорының орынбасары Дүкенбаева Зарина Серікқызы марапаттады. Арнайы кітапхана ұжымының кәсіподақ төрайымы Сейтбаева Гүлнәр Жарғаққызы өз отбасының тарапынан спортқа деген ынталандыру мақсатында Шымкент қаласының Қалалық филиалының «Қазақ Соқырлар қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Примжанов Марат пен Жамбыл облыстық мүшесі, Жамбыл облыстық Соқырлар қоғамының спорт бөлімінің меңгерушісі Атоқозиев Ермек Жанқозыұлына демеушілік сыйлығын тапсырды. Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының қызметкерлері Жамбыл облыстық көзі көрмейтін жіне әлсіз көретін азаматтар кітапханасының жұмыстырымен және алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспарларымен танысып, аймақтық кітапхана мамандары өзара қызығушылықтарын арттырып, тәжірибе алмасты.