«СПОРТ –САЛАУАТТЫ ӨМІР СЕРІГІ» АТТЫ СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» комуналдық мемлекеттік мекемесі мен Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы бірлесе ұйымдастыруымен Қайрат Рысқұлбеков орталық саябағында спорт күні аталып өтті.

Спорт күнін қос мекеме шахмат, дойбы және тоғыз құмалақ сынды спорттық ойын түрлерінен жарыс ретінде өткізді. Жарысқа «Қазақ соқырлар қоғамы» Жамбыл облыстық филиалының мүшелері Халықаралық, Республика, облыс және қала көлемінде жоғарыда көрсетілген спорттық ойындардың жеңімпаздары қатысты. Ал, төрелік еткен Мүгедектерге арналған спорт клубының жаттықтырушысы Ерғазы Дулат Берікхасанұлы.

Жарыс нәтижесінде Тоғызқұмалақ ұлттық ойында ІІІ орынды иеленген Таласбаев Бекзат, ІІ орында Шамиль Ришад, І орында Куттубай Аружан иеленсе, 18 жасқа дейінгі Шахмат ойынында ІІ орынды Жақсымбет Бағым, І орынды Жақсымбет Даяна иеленсе, 18 жастан жоғары Шахмат ойынында жеңімпаздар ІІІ орында Исатаев Бахтияр, ІІ орында Егимбаева Еңлік, І орында Сибагатуллин Фарид көрінді. Ал, дойбыдан ІІІ орынды Жақсылықов Ерлан, ІІ орынды Бөкеев Асылбек алса, І орынды Миратаев Иминэмир алды.