«СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК» ЕСКЕРТУ САҒАТЫ ӨТТІ
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Қауіпсіздікті сақтайық» жобасы аясында «Судағы қауіпсіздік!» тақырыбында ескерту сағаты №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатында өтті.
Шара барысында шомылу кезіндегі басты ережелерге тоқталып, Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының офицері, азаматтық қорғау капитаны Келіс Данияр Жанатұлымен Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Утешов Бақытжан Букембайұлының қатысуымен оқушыларға жазғы маусымда адамдардың өмір қауіпсіздігі жайлы, суға шомылуда адам өзін қалай ұстау керектігі турасында кеңінен ақпараттар айтып, көптеген мәліметтер берді.
Шара соңында судағы құтқару кезінде 112 нөмірлеріне хабарласу керектігін баса айтып, оқушыларға «Қауіпсіздік ережелері» жайында слайдтары көрсетілді.

