«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Әжібаев Айбек Итқараұлымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ міндет» тақырыбында Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы мен Жамбыл облыстық арнайы кітапхана қызметкерлерімен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шарада Айбек Итқараұлы сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зиянына, сыбайластықпен күресу жолындағы атқарылып жатқан жұмыстарға, парасаттылық, әділдік ұстанымдары туралы баяндама жасап, қызметкерлер өз ойларын ортаға салды.