Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру «Жастар жемқорлыққа қарсы» кездесу өтті.

         Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мүмкіндігі шектеулі оқушыларға қоғам дерті сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, заңды мағлұмат беру, саяси өмірден хабардар етіп, құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің превенция басқармасының бас маманы-Ажибаев Айбек Итқараұлының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» «Жастар жемқорлыққа қарсы» атты кездесу өтті.
       Іс-шара №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатында ұйымдастырылды. Кездесу барысында бас маман Айбек Итқараұлы қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлық екендігін, ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізетін айтып өтті.
​        Шара соңында «Жемқорлық – ғасір індеті» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, өз кезегінде арнайы мектеп-интернатының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мамасерикова Әсел Тоқтағұлқызы келген қонаққа өз алғысын білдірді.