ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛ ТҰҒЫРЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты тәуелсіздік құрдастарымен кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген тәуелсіздікдің төл құрдастарын үлгі тұту. Отан тарихына деген қызығушылықтарын дамыту, патриотизм мен азаматтықтың ерекшеліктерін қалыптастыру. Ел алдындағы руханият пен жауапкершілікті қабылдауларына ықпал ету.
Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің қызы – өжет, ұлы – қайратты, халқы – қаһарман. Қараның да, ханның да рухани өзегі тәуелсіздік. Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт – сананың мызғымас тірегі – тәуелсіздік!
Еліміз тәуелсіздік алғалы аттай шауып 30 жыл өте шықты.Қазақстан егемендік алған жылы дүниеге келген сәбилер, бұл күнде «ат жалын тартып мініп», өмірге араласты. Егемен елмен бірге бой түзеді. Тәуелсіздігімізді алып, жалпақ жұртқа сауын айтқан жылы өмірге келген тәуелсіздіктің төл құрдастары Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа Қайратұлы мен Облыстық мәслихаттың депутаты Болатбек Уалихан Болатбекұлы конақта болды.
Іс шара барысында Тәуелсіздік жылдарды бейнелейтін бейнеролик көрсетіліп, тәуелсіздік құрдасы, кітапхананың тұрақты оқырманы Ақпаев Нұрсұлтанның «Қазақтай ел қайда» «Атамекен» атты патриоттық әндерді шырқады.
Бүгінде ел мерейі үшін еңбек етіп биік белестерді бағындырып жүрген тәуелсіздіктің төл құрдастарына оқырмандар тарапынан сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауаптарын алды. Сонымен қатар кітапхана мен оқырмандар тарапынан мүмкіндігі шектеулі талантты жастардың яғни ән айтатын, ақындық өнері бар жандарға өнерін шыңдауға болатын мүмкіншіліктер қарастырылуы туралы ұсыныстар жасалды.