«Tiflo-Асхана» жобаның кезекті шығарылымына «Қазақ соқырлар қоғамының» мүшесі, аяулы ана, арнайы кітапхананың тұрақты оқырманы Асылова Бибісара Нәспекқызы қатысты

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы көру қабілеті нашар жандарды ас үйге бейімдеуге, ас дайындауда қауіпсіздік ережелерін сақтап, көруді бақыламай-ақ түрлі тағам түрлерін әзірлеу, әлеуметтік ортаға тарту және кітапхана қорында бар аспаздық тақырыптағы кітаптарды насихаттау мақсатында «Tiflo-Асхана» жобасын өткізді. Жобаның кезекті шығарылымына «Қазақ соқырлар қоғамының» мүшесі, аяулы ана, арнайы кітапхананың тұрақты оқырманы Асылова Бибісара Нәспекқызы қатысып, дәмді, құрамы дәрумендерге бай, денсаулыққа пайдалы «Краб» салатын әзірледі. Салат әзірлеу барысында, асханада ескерілетін жайттарды түсіндіріп, көру қабілеті нашарлаған жандарға қиындықтан қорықпай, алға қарай аяқ басу керектігін айтты. Сондай-ақ, үй жағдайында дайындалатын танымал салат түрлері мен тағамдардың рецепттері жазылған «Аспаздық» атты кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.