«ТИФЛО-АСХАНА» ЖОБАСЫ ӨТТІ
№2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатында зағип және көзі әлсіз көретін оқушыларға арналған «Тифло-Асхана» жобасының кезекті сабағы ұйымдастырылды.
Жоба барысында арнайы кітапхананың тұрақты оқырманы Изтилеуова Дияна Серікқызы қатысып, дәруменге бай қызылша салатын дайындау әдістерімен танысты. Сабақ кезінде көкөністерді дұрыс турау, тағамды әсем безендіру және ас әзірлеу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау жолдары түсіндірілді.
Іс-шара барысында қатысушы өз жетістіктері мен қызығушылықтары туралы айтып, түрлі байқаулардан алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар, болашаққа қойған мақсаттары мен армандары жайлы әңгімеледі.
Танымдық шара барысында қатысушылар пайдалы тағамдардың денсаулыққа пайдасы туралы мәлімет алып, ерекше әсерге бөленді. Жоба көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушыларға жақсы әсер сыйлады.

