“ТИФЛО-АСХАНА” ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Анаға тағзым» орталығындағы «Береке» аспаздық студиясында мүмкіндігі шектеулі жандарды кедергісіз әлеуметтік ортаға тарту, ас үйде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға, түрлі тағам түрлерін жасауды үйретуге бағытталған «Тiflo-Асхана» жобасын өткізді.
Кезекті шығарылымға «Қазақ соқырлар қоғамының» мүшесі, арнайы кітапхананың тұрақты оқырманы Сенбекова Алтынай Бинашқызы қатысып, дәруменге бай «Жасыл бұршақ» салатын әзірледі. Салат әзірлеу барысында «Туған жер» атты әсем әнін орындап көрермендер қошеметіне бөленді.
Іс-шара соңында кітапханашы жобаға қатысушыға арнайы сыйлығын табыстап, деніне саулық, шаңырағына құт-береке тіледі.