“ТIFLO-АСХАНА” ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатында мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік ортаға тарту, ас үйде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға, түрлі тағам түрлерін жасап үйретуге бағытталған «Тiflo-Асхана» жобасын өткізді.
Кезекті шығарылымға арнайы кітапхананың тұрақты оқырманы, №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының оқушысы Али Аянұр қатысып, дәруменге бай қызылшадан жасалған салат әзірледі.
Салат әзірлеу барысында көзі әлсіз көретін жандарға мотивациялық кеңес беріп, байқауларда жеткен жетістіктері жайлы айтып, би өнеріне қызығушылық танытатынын жеткізді. Сондай-ақ, алға қойған мақсаттары мен армандарымен бөлісті.
Іс-шара соңында кітапханашы жобаға қатысушыға арнайы сыйлығын табыстап, деніне саулық, алдағы ісіне сәттілік тіледі.