«ТIFLO-АСХАНА» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен №2 арнайы «Болашақ» мектеп-интернатында зағип жандарды кедергісіз әлеуметтік ортаға тарту, аспаздық дағдыларды үйрету арқылы оңалту және бейімдеу мақсатында «Тiflo-Асхана» жобасын өткізді.

Жобаның кезекті шығарылымына арнайы кітапхананың тұрақты оқырманы Әмірбек Мәншүк қатысып, өте дәмді, құрамы дәруменге бай, тез дайындалатын құрт жасады. Құрт дайындауда еркін әңгіме жүргізу барысында көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға асханада ас даярлауда ескеретін қауіпсіздік ережелерін айтып, алға қойған мақсаттары мен жоспарларымен бөлісті.

Іс-шара соңында жоба жетекшісі қатысушыға алғысын білдіріп, кітапхана ұжымының атынан сыйлықтар ұсынды.