”ТИФЛО-КИНО” ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

          Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Шексіз кино әлемі» жоба аясында № 2 «Болашақ» мектеп-интернатында «Бәйдібек би батыр», «Толағай» атты мультфильмдері көрсетілді.
          Тифлокиноға интернаттың 20-дан аса оқушы қатысты. Мультфильм барысында кітапханашы балаларға тифлопікірін айтып, оқушылар қызығушылықпен тыңдап, мультфильм туралы өз пікірлерін білдірді.
           Тифлокиноның соңында кітап қорынан балаларға арналған нүктелі – бедерлі қаріпінде әдебиеттер мен дыбыстандырылған кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.