«ТИФЛОЭКСКУРСИЯ» ЖОБАСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

 Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы көру мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамнан тыс қалдырмау, облысымыздың мәдени орындарына экскурсия жасау, мәдени ғимамттардың ішкі тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Қазақ соқырлар қоғамының мүшелерін кітапханамыздың зағип оқырмандарын кезекті «Тифлоэкскурсия» жобасын өткізді.
Зағип жандар облысымыздағы Асқар Тоқпанов атындағы Қазақ драма театрына барып, ондағы театр ғимаратының тарихынан бастап,ішкі тыныс тіршілігімен толық танысып,театр музейін аралады.Сондай-ақ үлкен залда «Мұғалім» атты спектакльін тамашалады. Шара соңында зағип жандар театр актерларымен сахна сыртында тілдесіп, экскурсиядан қандай әсер алғандарымен бөлісіп кітапхана ұжымына алғыс айтты.