ТИІМДІ ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК ЕРІКТІ ЖАСТАРМЕН ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР – ТРЕННИНГ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының директоры Алшинбаева Жанна Тұрарқызы мен Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің директоры Есіркепов Абзал Есенұлымен өзара меморандумға отырды. Жасалған келісім аясында алдағы уақытта кітапхана тарапынан ұйымдастырылатын іс-шараларға қаланың ерікті жастары жұмылдырып, зағип азаматтармен жұмыс жүргізетін болады.

Сондай-ақ, жиында «Ерекше жандармен қарым қатынас» тақырыбында ерікті жастармен семинар – тренинг өтті.

Семинарға Тараз қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастыру секторының инспекторы Спабек Еркебұлан Қасымбекұлы және Жамбыл облысы еріктілер қозғалысының жастары қатысты.

Іс-шара мақсаты бүгінде зағип, көзі нашар көретін жандар қатары күн арта өсуіне байланысты оларға психологиялық, моральдық және физикалық қолдау көрсету, қалалық ерікті жастарды жоғарыда атылған азаматтармен дұрыс жұмыс жасау методикасы мен таныстырып, оны тәжірибе жүзінде қолдануға үйрету.

Семинар барысында «Зағип оқырмандармен қарым – қатынас», «Зағип адамға түсті сипаттау» тақырыптары бойынша тәжірибелік тренинг өткізілді. Жастар зағип, көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар жайында кеңінен ақпарат алып, өз ойларында жүрген сұрақтарына жауап тапты.