ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ СПОРТ ОЙЫНЫНАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТУДЕ

      «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт» басқармасы мен «Қазақ ұлттық ойын қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру қабілеті төмен ересектер мен жастар арасында тоғызқұмалақтан жекелей облыстық чемпионат өткізілді.
        Аталған жарысқа «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелерімен қатар Тараз қаласы, Жамбыл, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Сарысу аудандарынан барлығы 30 спортшы қатысты. Тоғызқұмалақ ойыны айналмалы және швейцариялық жүйеде жүргізіліп, әр спортшыға бір партияға классикаға 1 сағат 30 минут, рапидке 20 минут берілді. Жарыс 13-16 ақпан аралығы өткізіледі, жеңімпаздар арнайы дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталатын болады.