«ТУҒАН ЕЛ – ТҰНҒАН ШЕЖІРЕ» АТТЫ ТАРИХИ САҒАТ ӨТТІ

🔷Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Мемлекет қайраткері Қабылбек Сарымолдаевтың 125 жылдық мерейтойына орай №10 мектеп оқушыларына «Туған ел – тұнған шежіре» атты тарихи сағат өтті.
🔷Тарихи сағатта өткен ғасырдың басында ұлт үшін өлшеусіз қызмет жасаған, бірақ, өзінің тарихи бағасын әлі де болса ала алмай келе жатқан, күні бүгінге дейін есімі көмескі аталып келген тұлғалардың бірі – Қабылбек Сарымолдаевтың өмірі мен қызметі және шығармашылығы насихатталды.