Ұлт көшбасшысы – Елбасы

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы ҚР-ның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолынан үлгі ала отырып оқырмандарды Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында «Ұлт көшбасшысы – Елбасы» тақырыбында дауыстап оқу өткізді.
Іс-шараға «Қазақ соқырлар қоғамының» мүшелері қатысып, қазақ халқының тұңғыш президентінің өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат алды. Сондай-ақ, оқырмандар назарына М.Б. Қасымбеков «Елін сүйген Елбасы», Б.Ө. Жақып «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Тәуелсіз елдің негізін қалаушы», Қ. Сұлтанов «Елбасы және Қазақ мемлекеттігі» т.б. кітаптары ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.