ЗАҒИП ОҚЫРМАНДАР КӨЗ ДӘРІГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Қауіпсіздікті сақтайық!» жобасы аясында зағип оқырмандардың денсаулығын жақсарту мақсатында «Дені саудың, жаны сау» тақырыбында Жамбыл облыстық офтальмология орталығының дәрігері Шырай Ерболатқызымен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге “Қазақ соқырлар қоғамы” қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының мүшелері, кітапхана оқырмандары қатысып көкейінде жүрген сұрақтарға толыққанды жауап алды.
Кездесу барысында кітапхана тарапынан әзірленген «Қос жанарды сақтаңыз!» тақырыбында бейне ролик көрсетілді.